• Оқушыларға

          • Ережелер :

          •  

            Жатақхананың ішкі тәртіп ережелері

             

            Оқушылардың міндеттері:

            • Таңертең әр оқушы төсегін жинап шығуы;

            • Кезекшілер  бөлмелерді жинап, жатақханадан ең кеш сағат 08:00 дейін шығуы;

            • Жексенбі күні лицейге  сағат  19:45-ке дейін келуі;

            • Сабақтардан кейін  оқушыға лицей территориясынан сыртқа шығу немесе үйге қайту қажет болған жағдайда  ата-анасы тарапынан  сынып жетекшісінен және жатақхана меңгерушісінен рұқсат алынуы керек.

             

            Рұқсат етіледі : 

            • Ата-аналар мен оқушылардың кездесу уақыт  16:35-19:45 аралығы.

             

                   Тыйым салынады :

            • Дайындық уақытында оқушы рұқсатсыз сыныптан  тыс жерде жүруге;

            • 1 және 2- өзіндік дайындыққа себепсіз кешігуге,қатыспауға;

            • Жатақханаға   үшкір,өткір заттар,тәрбиеге жат суреттер немесе көріністер, жазулар әкелуге;

            • Жатақханаға көп мөлшерде ақша, қымбат зат алып келуге.

             

            Ескерту !!!        

            1. Жатақханаға әкелінген ақша,қымбат зат жоғалған немесе зақымданған жағдайда лицей әкімшілігі жауап бермейді.

            2. Әр оқушы өзі жатқан бөлме, жатақхана заттарына жауапты,бүлінген жағдайда келтірген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға немесе ауыстыруға міндетті,егер кінәлі оқушы табылмаған жағдайда, сол бөлмеде немесе корпуста қалатын  оқушылар қалпына келтіреді.

            1. Жатақхана тәртібінің орындалуы және мәселелердің одан да жақсы шешілуі үшін жатақхана тәртіп комиссиясы құрылады. Бұл комиссия құрамына тәрбие ісі орынбасарлары,жатақхана меңгерушісі ,психолог,сынып жетекшілері,тәрбиешілер кіреді.

            2. Егер оқушы  жатақхана тәртіп комиссиясының алдына келмеген жағдайда немесе жатақхана тәртіп комиссиясының алдына үш рет шықса жатақханадан шығарылады.