Негізгі бөлім :

Хабарландыру !

Количество визитов: 1624409

Байланыс :

  • Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесi
    Адрес :
    Көкшетау қаласы, Ақан-Сері 155А
  • 8(7162)328372
    kokshektl@gmail.com

Карта

Понедельник 21/01/2019

Логин :

Имя пользователя:
Пароль:
загрузка данных из сервера, пожалуйста, подождите

Кері байланыс :

Құрметті сайт қонақтары! Білім жүйесі мен сапасын дамыту үшін сіздің ойыңыз біз үшін ҚЫМБАТ!
Имя*:
Фамилия*:
Ваш адрес эл. почты*:
Вопросы, комментарии*:
Пожалуйста перепишите текст с картинки*:
загрузка данных из сервера, пожалуйста, подождите
* обозначает обязательные поля

Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі

Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді .      

Н.Ә. Назарбаев                                                                                                

Лицей жаңалықтары :

  • 2017 жылдың 15 желтоқсан күні Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатында 7 – 10 сынып оқушылары мен ата-аналары және сынып жетекшілері арасында «Ұлттар достығы,ынтымақтастығы» атты үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеште лицей басшысы Адиханов Идаятулла Ибрахимұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Әділ қазылар алқасы таныстырылып, сайыс шарттарын айтып өтті. Іс – шарада әр сынып өздеріне бөлінген қазақ, өзбек, түрік, ұйғыр, украин, орыс, татар, кәріс ұлт өкілдерін таныстыра отырып, салт-дәстүрін, тілін, өнерін,ұлттық тағамдарын насихаттап айтып өтті.

  • Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары

    28 қыркүйек 2017 жылы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатында «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - латын әліпбиіне көшу қажетілігіне орай лицей оқушыларының осы ұғым туралы түсініктерін кеңейту жұмыстарын жүргізу. Аталған іс-шараға Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Жәмбек Сәбит Нұрмахамбетұлы және де «Білім – инновация» лицейінің директоры Адиханов Идаятулла Ибрахимұлы және лицей оқушылары қатысты. Лицейміздің 9 – сынып оқушылары Хамитов Таирлан мен Айтқұл Ақжол қазақ әліпбиінің тарихы туралы таныстырылым дайындап, алғашқы зерттеу жобаларының мақсат –міндеттеріне тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, іс-шараның жандануына ұйытқы болды. Іс-шара өз алдына қойған мақсаттарына жетті.

  • Отбасы – бақыт мекені

    Қыркүйектің 22 күні лицейімізде 7- сынып оқушыларымен ата-аналар арасында «Отбасы – бақыт мекені» көңілді старттар сайысы өткізілді. Сайысымыздың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау болды. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрып, 5 балдық жүйемен бағаланды.Спорттық сайысымызға «Тұлпар» және «Сұңқар» топтары атсалысты. Ата-аналардың белсенділігі, оқушылардың шапшаңдығы барлық көрермен қауымын таңқалдырды.Сайыс соңында «Тұлпар» тобы 1 орынды иленсе, «Сұңқар» тобы жеңіске жетіп, бас жүлдені иемденді. Сайысымыз өте жоғары деңгейді өтті.

  • «Мен деп ойла...»

    12 қыркүйек күні Мәдениет сарайында Қуыршақ театрының «Мен деп ойла...» атты Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған қойылым көрсетілді. Қойылымға Театр директоры  әрі мәдениет қайраткері – Талғат Есеналиев, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Оразәлі Ақжарқын – Сәрсенбек қатысты. Мұқалидың көп аса махаббат тақырыбында өлең жазғаны бәрімізге айқын. Оған дәлел:       

         Мен деп ойла самал есiп өткен,

         Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,

  • Сыңғырла, күміс қоңырау!

    1 қыркүйек Білім күні еліміз бойынша салтанатты түрде аталып өтті. Мектептердің есігі айқара ашылып, ұстаздар шәкірттерін құшақ жая қарсы алды. Жаңа оқу жылын, жаңа мектеп табалдырығын аттағалы отырған 7-сынып оқушыларымен мерекелік іс-шара жалғасын тапты. Білім мерекесімен құттықтап, мектебіміздің директоры Идаятулла Ибрахимулы өзінің ақ тілегін арнады, ұстаздар қауымына шығармашылық ізденістер тіледі. 

    2016-2017 оқу жылында шығармашылық жұмыс жасаған үздік мұғалімдерді марапаттап өтті. Сонымен қатар, мектебімізге биыл қабылданған шәкірттердің ата-аналарына сөз кезегі беріліп, ата-ана өз құттықтауын жолдады. Мерекелік кеш әрі қарай, әдемі әнімен, көңілді күйімен жалғасын тапты. Алғашқы қоңырау» мерекесі 2017 – 2018 оқу жылының «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша алғашқы Білім сабағымен жалғасын тапты.

  • Сыңғырла сылдырла соңғы қонырау

    Лицейіміз тағыда бір оқу жылын артта қалдырып биылғы  11  сынып түлектерімен қоштасты.Салтанатты жыйынымыздың жүргізушілері соңғы қоңырау мерекесіне жыйылған ұстаздар, ата-аналармен амандасып, соңғы қоңырау мерекесімен  құттықтап, бастады.Одан ары жүректері лүпілдеп, 5 жыл білім алған лицейді қимай, қоштаса алмай, тұрған түлектерді топ ортаға ұстаздары жəне тəрбиешілерімен   шақырды.Қазақстан Республикасының əн ұраны шырқалды.Салтанатты жыйынымызға жиналған қонақтар таныстырылды.Жəнеде "Білім-иновация лицейінің" директоры- Адиханов Идаятулла Ибраһимұлы сөз алып ,соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, түлектерге сəт-сапар тілеп, ыстық лебізін білдірді.Өткен оқу жылында "Көңіл көтеру" кеші ұйымдастырылған  болатын ,сол кештерде үздік шыққан сыныптарды марапаттады.Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі- Көлпенова Асия апайда сөз алып, үздік бестікке тамамдап жатқан оқушыларға грамота табыс етті.Салтанатты жыйынымыз ары қарай əн күйге жалғасып ,қызықты қойылым қойылып, көпшіліктің көңілін көтерді.Жыйынымыздың соңында лицейіміздің мақтанышы- Байтілеу Асхат "Самға" əнімен аяқтады.Келер оқу жылында кездескенше.Түлектеріміздің  алдағы ұлттық біріңғай тестілеуінде жоғары бал алуына тілектеспіз.    

  • Көңіл көтеру кеші өз мəресіне жетті

    Көңіл көтеру кеші өз мəресіне жетті.Қыстан бері əр сынып əрбір тақырыпта көңіл көтеру кешін өткізіп келген.Əрбір сыныптың оқушылары жоғары деңгейде өткізіп, көпшіліктің назарында қалған еді.Енді міне сол кештің түйіні ретінде 7 А сынып оқушылары соңғы көңіл көтеру кешін өткізді.Кештің жүргізушісі үлгілі оқушыларымыздың бірі Какенов Санжар болды .Нұрханның орындауында қазақстан əні ерекше əсер қалдырып залда отырған көрермендерге көңіл күй сыйлады.Жəнеде, өздерінің қызықты етіп түсірген видеоларын көрсетті.Флешмоб билеп, сахналық көріністер көрсетіп,   кеш соңында бəрі бірге хормен əн айтып ,кештің шымылдығын түрді.Алда 25 мамыр соңғы қоңыр күні "Көңіл көтеру кешінде" кімнің үздік болғаны анықталатын болады.Барлық қатысушы сыныптарға зор алғысымызды білдіреміз.

  • Көңіл көтеру кеші жалғасуда.

    Көңіл көтеру кеші жалғасуда. Лицейіміздің ең кішкентай сыныптарының  бірі- 7 б сынып оқушылары көңіл көтеру кешін сəтті өткізді.Əрбір оқушылар бойдағы бар өнерін лицейіміздің ұстаздары, ата- аналары мен оқушыларына паш етті.Əуезді əндерін айтып, кереметтей билерін билеп, кештің көрігін кіргізді.Лицейіміздің əрбір оқушылары оқуда болсын ,өнерде болсын ,қай қашанда алда көрінеді. Сол сөзімнің бір дəлелі ретінде  ерекше атап өтер бір жəйіт - Алиəскер  есімді оқушы Цирк өнерінің бір неше қиын түрлерін бойына меңгере бастағаны байқалды.Соңғы кездері оқушыларымыздың жайдарман ойындарына деген белсенділігі арта түскендей. "Ерекше" жайдарман құрамасы шығып, көрерменге күлкі сыйлады .Бұндай жоғары дəрежеде ұйымдастырған  7 б сынып оқушыларының тəрбиешісіне рахметімізді білдіре келе ,алдағы лицейішілік мерекелік іс-шараларға белесене қатысып ,оқудан, өнерден қанаттары талмасын дейміз.

  • Лицейімізде, ата-аналарға арнайы жиналыс  кездесу өтті.

    Лицейімізде, ата-аналарға арнайы жиналыс  кездесу өтті. Алдағы уақытта 11 сынып бітірушілеріне ұлттық біріңғай тестілеудің ережелерімен таныстырды.Жəнеде "Қазақ-түрік "лицей атауы - "Білім- иновация лицейі" деп ауыстырылғаның мəлім етті.Алда болатын сыныптан сыныпқа көшу емтизанының ережелерінен  мағұлмат берілді.

  • "Сындарлы белестерді бағындырған 25 жыл"

    "Сындарлы белестерді бағындырған 25 жыл" атты лицейіміздің 25 жыл толуына орай ауқымды іс-шара өтті.Лицейіміздің ауыласына қазақтың киіз үйлері тігіліп, лицейіміздің маңайын қазақи құндылыққа көмкеріп, киіз үйлер лицей айналасына ерекше сəн кіргізді.Лицейімізде бұрын соңды жұмыс атқарып кеткен ұстаздар қауымы  жəнеде түлектер, қонақ болып іс-шараларға белсене қатысты.Түлектер арасында футболдан жарыстар  ұйымдастырылды.Одан қала берді, Достар мəдениет сарайында келген қонақтарға жалпы 25 жылдыққа арналған концерт өткізілді.Кеш шымылдығын Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оркестірі   ашып, кереметтей шығармаларын орындап , көңілдерді бір серпілтіп алды.Кеш жүргізушілері шығып амандасып , лицейіміздің 25 жылдығына келген арнайы қонақтармен таныстырып лицей директоры - Адиханов Идаятулла Ибраһимұлына микрофон ұсынды.Жəнеде Ақмола облысы білім басқармасының басшыларыда құттықтап ,алғыс хаттармен лицейіміздің мұғалімдерін жəне лицейдің өсіп, өркендеуіне үлес қосқан бір сыпыра азаматтармен азаматшаларды марапаттады.Осыдан бірнеше жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер - Сұңғат , Ерсайындар əннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Бұдан қала берді, лицейіміздің өнерпаз оқушыларыда əндерін айтып, лицейдің жайдарман құрамасы күлкі сыйлады.Тағыда айта кетер ерекше оқиғалардың бірі- лицейдің тыныс тіршілігі туралы фильм көрсетілді.Сөз соңында ерекше алғысымызды 25жылдықтың ерекше аталып өтілуіне үлес қосқан - ата-аналарға, барлық ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз.

Жаңалықтар

Мектеп жайлы ақпарат

  • Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесi
    Адрес :
    Көкшетау қаласы, Ақан-Сері 155А
  • 8(7162)328372
    kokshektl@gmail.com

Фотогалерея